​Өзбекстаннан Қазақстан банктерінің бөлімшелері ашылады

0
1 103

Қазақстандық банктер көрші елдерде жұмыс істеуге мүдделі, себебі нарық үлкен және халық көп болғандықтан кіріс көзі


​Өзбекстаннан Қазақстан банктерінің бөлімшелері ашылады

ERNUR.KZ..KZ.Қазақстандық банктер енді Өзбекстанда бөлімшелерін аша алады. 10 шілдеде Қазақстанның Ұлттық банкі мен Өзбекстанның Орталық банкі бөлімше ашу жөніндегі келісімге қол қойылды, деп жазады centralasian.org сайты.

«Біз банктік қадағалау саласында ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойдық. Бұл қазақстандық банктерге Өзбекстанда еншілес бөлімшелерін ашуға мүмкіндік береді» деді журналистерге арналған брифингте Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Ақышевтің айтуынша, "қазақстандық банктер көрші елдерде жұмыс істеуге мүдделі, себебі нарық үлкен және халық көп болғандықтан кіріс көзі".

Былтыр қыркүйекте Өзбекстан билігі жеке және заңды тұлғалардың шетел валютасын сатып алуға тәуелділігін болдырмас үшін валюта саясатын либералдандыруды көздейтінін жариялаған.