Өзеннен ер адам мен әйелдің денесі табылды

0
2 186

Өскеменде өзеннен жұмбақ жағдайда қайтыс болған әйел мен ер адам табылды


Өзеннен ер адам мен әйелдің денесі табылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында әйел мен ер адам жұмбақ жағдайда өзенге батып кетті. Марқұмдардың денесін жағалауда өтіп бара жатқан азамат байқаған, деп жазады nur.kz.

Оқиға өткен жұмада Өскемен қаласында орын алды.

Ділмұрат есімді жергілікті тұрғын Ертіс жағалауында серуендеп жүріп, өзен жағасында тұрған балықшының қасына қарай ұмтылған. Біраз уақыт сөйлесіп болған соң, олар өзен бойымен ағып бара жатқан әйел мен ер адамды байқап қалады.

Сол сәтте әлі тірі болған келіншек пен азамат ешкімді көмекке шақырмай, аман қалуға ниет білдірмеген. Ділмұрат бірден олардың артынан жүгіре жөнеліп, құтқарушылар мен жедел жәрдемді шақырып үлгерген.

Біраз уақыттан соң, әйел адамның денесі өзен жағасына шықты. Алайда, ол ес-түзсіз күйде болған. Артынан құтқарушылар ер адамның денесін де судан шығарып алды.

Өкінішке орай, 46 жастағы азамат пен 32 жастағы келіншек оқиғадан кейін көз жұмды. Олардың үстінде киімдері мен құжаттары бар сөмкелері болған.

Тәртіп сақшылары оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатыр.