"Өзгеріп кеткен": Димашпен суретке түскен Иманғали Тасмағамбетовті жұрт танымай қалды

0
821

Екі музыканттың ортасында тұрған экс-елші Иманғали Тасмағамбетовтің ерекше образы қазақстандықтарды таңғалдырды.


ERNUR.KZ. Димаш Құдайберген 8 наурыз кешке Иманғали Тасмағамбетов және Игорь Крутоймен бірге түскен суретін жариялады, деп жазады sputniknews.kz.

"Бүгін Мәскеуде. Иманғали аға және Игорь аға", - деп жазды Димаш Құдайберген суреттің астына.

Суретте Тасмағамбетов қызыл әскердің костюмін киіп алған. Бұрынғы елшінің образы жұртты таңғалдырды.



"Иманғали Нұрғалиұлы мүлде өзгеріп кетіпті. Қатты өзгерген. Танымай қаласың", "Димаш, Иманғали аға неге ондай костюм киіп алған?", "Иманғали аға қызыл әскер болып кеткен бе?", "Ортасында тұрған Иманғали Тасмағамбетов пе?", деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Айта кетсек, 8 наурыз мерекесінде Димаш Құдайберген Кремль сарайында жаңа әнін таныстырды. Ән "Your Love" деп аталады, сөзін Лара Фабиан жазған.


Иманғали Тасмағамбетов 2017 жылдың ақпанынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі болды. Зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылды.