Пара алушы емес, пара беруші ұсталды

0
1 765

Ол Шекара қызметінің офицеріне параны Қазақстаннан Қырғыз Республикасына қарай жанар-жағармай өнімдерін ешқандай кедергісіз өткізу үшін бермек болған екен.


Пара алушы емес, пара беруші ұсталды

ERNUR.KZ. Тараз қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің офицеріне пара берген адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

"Тараз қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі қызметкерлерімен бірлесе өткізген шараларының нәтижесінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қарасты көлік тексеріп-өткізу пункттерінің бірінің бастығына 390 000 теңге пара берген 38 жастағы қазақстандық ұсталды", - делінген хабарламада.

Ол Шекара қызметінің офицеріне параны Қазақстаннан Қырғыз Республикасына қарай жанар-жағармай өнімдерін ешқандай кедергісіз өткізу үшін бермек болған екен. Процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр.

Шекара қызметі Мемлекеттік шекарадан жанар-жағармай өнімдерін ірі көлемде ғана емес, шағын көлемде де заңсыз өткізуге күн сайын тосқауыл қойып келеді.

"Өткен демалыс күндерінде ғана ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Мырзакент, Қордай шекара отрядтарының «Жетісай-авто», «Қарасу-авто», «Ауқатты», «Сортөбе» өткізу бекеттерінде 800 литрден астам дизель отынын, 60 литрге жуық «АИ-92» бензинін әртүрлі жолмен заңсыз алып өтпек болған 1 өзбекстандық, 3 Қырғыз Республикасының және 1 Қазақстан Республикасының азаматтары ұсталды", - делінген хабарламада.