​Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 10-ға жуық құжат қарастырылып жатыр

0
1 085

Әсіресе білім саласындағы өзгерістер депутаттар тарапынан көп сұрақ туғызды. Ең алдымен Бақытгүл Хаменова жұмысшы мамандығының беделін арттыруға жіті назар аударған жөн екенін атап өтті. Ол үшін төрт бағыт бойынша жұмыс атқару қажет болып тұр.


​Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 10-ға жуық құжат қарастырылып жатыр

Елордамызда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталды. Бүгін депутаттар он шақты маңызды құжат қарастырады. Бірінші оқылымда білім, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңдарға өзгеріс енгізу жобалары, сондай-ақ венчурлық қаржыландыру мен газ мәселелері қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Әсіресе білім саласындағы өзгерістер депутаттар тарапынан көп сұрақ туғызды. Ең алдымен Бақытгүл Хаменова жұмысшы мамандығының беделін арттыруға жіті назар аударған жөн екенін атап өтті. Ол үшін төрт бағыт бойынша жұмыс атқару қажет болып тұр.

Ең алдымен кезінде оқу орнына түсе алмаған азаматтар және аз қамтылған адамдарға білім беруді қолға алу керек. Ол үшін модульдік жүйені жетілдіру қажет, яғни колледжге түскен студенттер бір мамандық аясында үш түрлі біліктілікті игеруі тиіс. Сонда кәсіптік білім алған азаматтарымыздың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі артады.

Екіншіден, қазір колледж түлектері үшін ұйымдастырылатын аттестаттау жүйесінен бас тарту өзекті болып тұр. Депутаттар мен колледж өкілдері аттестаттау сұрақтары қорытынды емтиханды қайталайды деген пікір білдіріп жатыр. Сонымен қатар жұмысқа орналасқан кезде жұмыс берушілер бұл сертификаттарды көбіне талап етпейді екен. Осыған орай қосымша сертификаттау орталықтарын ашу да қажет емес деген пікірлер айтылып жатты. Сонымен қатар студенттер тәжірибеден өткен кезде кәсіпорындардағы тәлімгерлердің еңбегіне төлеу және оқу орындарының қаржылық жағдайын жақсарту туралы ұсыныстар түсті.