Парламент Сенатының депутаттығына 66 кандидат тіркелді

0
480

Кандидаттардың ішінде 63 адам өзін-өзі ұсынса, үшеуін мәслихаттар ұсынған.


Парламент Сенатының депутаттығына 66 кандидат тіркелді

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды тіркеу 24 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталды, деп жазады tengrinews.kz.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 20 мандатына ұсынылған 130 үміткердің 66 кандидатын тіркеді.

Кандидаттардың ішінде 63 адам өзін-өзі ұсынса, үшеуін мәслихаттар ұсынған.

Тіркелген кандидаттардың ішінде 46 ер адам, 20 әйел адам бар. Оның ішінде төртеуі Парламент Сенатының қазіргі депутаты, 15-і мемлекеттік ұйымдардың қызметкері, 29-ы мемлекеттік қызметші, 13-і коммерциялық құрылымдардың қызметкері, 5-і қоғамдық ұйымдардың өкілі.

Мамандық бойынша: 3 дәрігер, 7 инженер, 8 заңгер, 1 саясаттанушы, 1 журналист, 14 мұғалім, 9 экономист, 10 ауыл шаруашылығы қызметкері және 13 басқа мамандық өкілдері.

Үміткерлердің орташа жасы - 51,8 жас.

Тіркелген кандидаттардың ең көп саны Жамбыл облысы мен Алматыда: әрқайсысы 5 үміткерден.

Абай ауданы мен Түркістан облысында 4 үміткер тіркелген. Қалған 15 облыс пен Шымкент қаласында 3 үміткер тіркелген.

Осылайша, тіркелгендердің ішінен бір мандатқа орта есеппен Парламент Сенаты депутаттығына 3 кандидат үміткер.