Парламенттің бірінші сессиясы қашан өтетіні белгілі болды

0
540

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Парламенттің бірінші сессиясы қашан өтетіні белгілі болды

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.