"Пәтер алу үшін": Желіде емізулі сәбиімен такси жүргізген әйел көптің талқысына түсті

0
594

Instagram парақшаларының бірінде тараған видеода әйел жанына сәбиіне арнап арнайы орындық қойған.


ERNUR.KZ Желіде емізулі сәбиін алып жүріп, такси жүргізген әйелдің видеосы қызу талқыға түсуде, деп жазады Stan.kz.

Instagram парақшаларының бірінде тараған видеода әйел жанына сәбиіне арнап арнайы орындық қойған.

"Түрлі реформалар мен сыбайлас жемқорлықтың нәтижесі осы – әйелдер сәбилерін алып, жұмыс істеуде", - делінген видеоның астында.

Бұл жазба көптеген желі қолданушыларының талқысына түсті.

Кейбіреулер: “Жарайсың, ешкімге қол жаймай, барынша еңбегін адал табуда!”, “Әрине, өкінішті! Бірақ ол өзінің қиындықтарына мемлекет көмектесуі керек деп міндеттемей, өзі әркекет етуде”, “Өте ақылды екені көрініп тұр”, деп ізгі тілектерін жаудырса, енді бірі “Пәтер алу үшін әдейі істеп жүр”, “Басқа жұмыс таппады ма, баласына қауіпті ғой”, “Енді барлық сәбимен отырған әйелдер пәтерлі болу үшін осылай жасайды”,-деген пікірлерді жаудырды.