Пәтерді жалға алып, өзгеге жалға берген алаяқ ұсталды

0
1 020

Қазіргі күні күдіктінің осы схемамен 4 адамды алдағаны белгілі болды.


Пәтерді жалға алып, өзгеге жалға берген алаяқ ұсталды

ERNUR.KZ. Тәулікке пәтер жалдап, өзгеге жалға берген елорда тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталған 30 жасар қала тұрғынын қолға түсірді. Тергеу амалдары барысында белгілі болғаны ер адам интернет ресурстары арқылы пәтерді жалға беру туралы хабарландыруларды тауып, пәтер иесіне тәулікке 7000-10 000 теңге көлемінде ақысын төлеп жалға алған. Арасын ұзатпай, тура сол күні жалға алған пәтерін күдікті үшінші тұлғаға 100-130 мың теңге көлемінде бір айға жалға беріп жіберген. Қазіргі күні күдіктінің осы схема бойынша 4 адамды алдағаны белгілі болып отыр», - делінген департаменттің хабарламасында.

Қолға түскен азамат елорданың Алматы ауданында заңсыз әрекетін іске асырып, ұзақ уақыт жалдауға азаматтардың көп сұранысына ие болатын 1-2 бөлмелі пәтерлерді қайта жалға беріп отырған.

Қазіргі уақытта қолға түскен күдікті Нұр-Сұлтан қаласының Уақытша ұстау изоляторына қамалды, «алаяқтық» фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото Полиция департаментінен алынды

Сонымен қатар елорда төңірегінде жасалған өзге де осы тәріздес қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Суреттегі тұлғаның құқыққа қарсы әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайыне немесе 8 (7172) 71-60-24; 71-60-69 не «102» нөміріне қоңырау шалуға болады.