Паттай жағажайында қазақстандық әйел өлі табылды

0
820

Әйел адам суға тұншығып, көз жұмған секілді.


Паттай жағажайында қазақстандық әйел өлі табылды

ERNUR.KZ. 78 жастағы Қазақстан азаматы Тайландтың Паттай қаласы маңындағы жағажайдың бірінен өлі табылды, деп жазады Zakon.kz.

Басылымның жазуынша, бейсенбі күні таңертең Джомтьен жағажайында бір әйелдің өлі денесі табылған.

Паттай полициясы мен құтқарушылары шамамен күндізгі 11 кезінде жағажайдан өлі адам табылғаны туралы ақпарат келіп түскеннен кейін ғана оқиға орнына асыға жеткен. Дәрігерлер шалажансар денені айналшықтап, қанша күш жұмса да оны аман алып қала алмады.

Полициядағылар ол әйелдің күйеуімен Тайландқа демалуға келгенін айтады. Болжам бойынша, әйел күйеуі ұйықтап жатқанда таңертең суға түсуге шығып кеткен. Кейін күйеуі оны іздеп жағажайға келгенде әйелінің мерт болғанын білді. Соған қарағанда әйел адам суға тұншығып, көз жұмған секілді.

Полициядағылар әйел адамның неден көз жұмғанын арнайы тексеру анықтайтынын айтты.