Кәсіпорын қазандықтары мазуттың орнына қарақұмық қалдықтарын қолдануда

0
1 414

Бүгінгі таңда айналаны қоршаған ортаға таралатын қалдықтар 70 пайызға төмендеген.


Кәсіпорын қазандықтары мазуттың орнына қарақұмық қалдықтарын қолдануда

ERNUR.KZ. Павлодарда Рождественко ауылында орналасқан «Зерноград» ЖШС өнімінің 55 пайызын Украина, Тәжікстан және Өзбекстанға жіберген, деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Александр Бабенко айтты.

"Жарма өнімін шығарумен айналысатын кәсіпорынның қазандықтары бұрын мазутта жұмыс істесе, жаңғыртудан өткеннен кейін толығымен қарақұмық қалдықтары - қауызға ауыстырылған", дейді Александр Бабенко.

Нәтижесінде бүгінгі таңда Рождественко ауылында айналаны қоршаған ортаға таралатын қалдықтар 70 пайызға төмендеген. Спикер 24 желтоқсанда бидай өсіндісінің шырынын шығаратын «Жасыл ферма» компаниясының филиалы ашылатынын атап өтті.

"Әзірге Мичурино ауылында филиал шағын көлемде жұмыс істейді", - дейді аудан әкімі.

Бидай өсіндісі шырынының құрамында В12, А, Д, Е және К дәрумендері бар. Витргасс - минералдарға бай. Шырынның құрамында 80-нен астам фермент, кальций, магний, фосфор, калий, цинк және селен бар. Заманауи технологиямен өндірілетін шағын өсімдіктердің адам денсаулығы үшін пайдасы зор.