Павлодар облысына Германиядан 63 адам көшіп келген

0
1 259

Облысқа Ресейден 274, Германиядан 63 адам көшіп келген


Павлодар облысына Германиядан 63 адам көшіп келген

ERNUR.KZ. Облысқа сыртқы көші-қон бойынша 337 адам қоныс аударған. Оның ішінде ТМД елдерінен – 274 адам (67,1% Ресейден), әлемнің басқа елдерінен 63 адам көшіп келді (33,3% Германиядан), деп жазады pavlodarnews.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өндеу нәтижесінде 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы ұқсас кезеңінің деңгейіне сәйкес 4990 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 10% азайып, 9278 адамға жетті.

"Қазақстанның басқа өңірлерінен 4653 адам бізге көшіп келді, олардан 1061 адам (22,8%) – Астана қаласынан, 909 (19,5%) – Шығыс Қазақстан облысынан", – дейді облыстық статистика департаментінде.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында облыстан республика шегіне 3502 адам көшіп кетті. Соның ішінде ТМД елдеріне 3184 адам (98,4% Рессейге кетті), әлемнің басқа елдеріне 318 адам (92,8% Германияға) қоныс аударды.

Қазақстанның басқа өңірлеріне 5776 адам көшіп кетті, олардан 2731 адам (47,3%) – Астана қаласына, 608 адам (10,5%) – Шығыс Қазақстан облысына. 2018 жылғы 1 қазанда өңірдегі халық саны 753940 адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 532172 адам(70,6%), ауылдықтар – 221768 адам (29,4%). 2017 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 1384 адамға немесе 0,2% азайған. Ерлер саны 356813 адам болса (47,3%), әйелдер саны –397127 (52,7%) адам.