Павлодар облысында 1 мың гектар дала өртенді

0
558

Көмек көрсету үшін Павлодардан 12 адамнан тұратын колонна жіберілді.


Павлодар облысында 1 мың гектар дала өртенді

ERNUR.KZ. Кеше Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылыбұлақ ауылдық округінде дала өртенді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қызыл жалын Саханов, Жылыбұлақ және Қосқұдық ауылдары арасындағы 1000 гектар аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге 9 адамнан тұратын ТЖД жеке құрамы мен 3 техника жұмылдырылды. Одан бөлек ауданнан 21 адам мен 9 техника болды.

Көмек көрсету үшін Павлодардан 12 адамнан тұратын колонна жіберілді.

Қосқұдық ауылында 12 үй бар, онда 30 адам тұрады. Қою түтіннен соң ауылдағы 4 әйел мен 10 бала Шарбақтыдағы №2 мектеп-интернатына эвакуацияланды. Ал ерлер оқиға орнында қалып, тілсіз жауды ауыздықтауға көмектесті.

Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Есімханов пен төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Е. Өтегенов барды.

Елді мекендер мен орманға қауіп төніп тұрған жоқ.