​Павлодар облысында 50-ден астам «адалдық» дүкені жұмыс істеп тұр

0
1 631

Шағын сауда нүктелерінде кеңсе тауарлары, сақтау мерзімі ұсақ азық-түлік түрлері, кеңсе тауарлары, сонымен қатар, тәтті тоқаштар сатылады. Бүгінде білім ошақтарында ашылған дүкендерде оқушылар арасында тоқаштар жоғары сұранысқа ие.


​Павлодар облысында 50-ден астам «адалдық» дүкені жұмыс істеп тұр

ERNUR.KZ. Павлодар облысында «Ертіс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мұрындық болуымен «адалдық» дүкендері ашылып жатыр, деп жазады BAQ.KZ.

ҚР МҚЖСЖҚ агенттігі облыстық департаменті «Ертіс адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Шерхан Қоқановтың айтуынша, өзіне өзі қызмет көрсету қағидаты бойынша жұмыс істейтін дүкендерді ашудағы басты мақсат - халық арасында адалдық, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Ең бастысы - бір біріне сенімділік сезімін қалыптастыру.

«Алдағы уақытта сатушысы жоқ дүкендер өңірдің түкпір-түкпірінде ашылады. Жоғары және орта білім беру, мемлекеттік мекемелерде адалдық сауда нүктелері жұмыс істеп тұр. Тұрғындар мен сала мамандары дүкен қызметіне қуана-қуана жүгінуде», - дейді Шерхан Қоқанов.

Шағын сауда нүктелерінде кеңсе тауарлары, сақтау мерзімі ұсақ азық-түлік түрлері, кеңсе тауарлары, сонымен қатар, тәтті тоқаштар сатылады. Бүгінде білім ошақтарында ашылған дүкендерде оқушылар арасында тоқаштар жоғары сұранысқа ие.

«Төртінші тоқсанның басында біздің мектепте сатушысыз дүкені ашылды. Басты мақсаты - оқушылардың бойында сенімділік, адалдық, рухани саналық қасиеттерін қалыптастыру. Болашақта жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа деген қарсы пікір мен иммунитет сіңіріледі деген сенімдеміз. Адалдық дүкенінде оқушылар өздері қалаған тағам немесе сусында ұсынып тұрған бағамен ақшасын төлеп сатып алады. Қайтарым керек болса, кассадан өздері алады, яғни өз-өздеріне қызмет көрсетеді. Оқушылар қызығушылық танытып отыр. Ата-аналар қауымы да оң пікірлерін білдіріп жатыр. Адалдық дүкенінде сауданы қыздыруға мектеп асханасының басшылығы атсалысуда», - дейді Павлодар қаласындағы №7 орта мектептің директоры Халида Бекбосынова.

Айта кетерлігі, жуық арада осы тектес дүкендер облыс орталығындағы 10 мектепте ашылады.