Павлодар облысында адам қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

0
330

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.


Павлодар облысында адам қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Павлодар облысында адам қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 маусым күні сағат 01:35-те белгісіз жүргізуші автокөлікпен 1987 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері осы жол-көлік оқиғасына қатысы бар жүргізуші мен автокөлікті анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде», - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.