Павлодар облысында белгісіз біреулер банк бөлімшесін жарып жіберген

0
755

Қазіргі уақытта ол аумақ қоршауға алынды.


Павлодар облысында белгісіз біреулер банк бөлімшесін жарып жіберген

ERNUR.KZ. Павлодар облысында банкоматты тонап, артынша өртеп кеткен күдіктілер іздестіріліп жатыр, деп жазады Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, 27 ақпанда шамамен сағат 22:33-те Ақсу қалалық полицияның кезекші бөліміне "Еуразиялық банк" АҚ күзетшісінен хабар келіп түскен. Ол банк филиалдарының бірінде өрт шыққанын айтқан.

Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта ол аумақ қоршауға алынды.


"ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру") сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп жазады басылым.