Павлодар облысында қақтығыс болып, полицейлер оқ атты

0
738

Ведомство өкілдері атысты полицейлердің бастағанын растады.


Павлодар облысында қақтығыс болып, полицейлер оқ атты

ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері жергілікті кәсіпорындардан күл қалдығын жинайтын қарауылдармен қақтығыс кезінде оқ атты, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл оқиға Павлодар облысы Береке ауылының маңында болған. Мұны видеоға куәгерлер түсіріп алған. Видео кадрларынан бір топ ер адамды, полиция қызметкерлерін және жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері көрінеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл қақтығысқа себеп - жергілікті кәсіпорындардан күл-қоқыс қалдықтары заңсыз алынып келген. Бұл әрекетке Береке ауылының шамамен 30 тұрғыны қатысқан.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді өңірлік полицейлер.


Сондай-ақ, ведомство өкілдері атысты полицейлердің бастағанын растады. Олардың айтуынша, жергілікті тұрғындарды тыныштандырып, жағдайды ушықтырмау үшін ауаға оқ атылған. Осыданг кейін жағдай тұрақтанды дейді.