Павлодар облысында Ресеймен шекаралас аудандар Наурыз мерекесін бірлесіп тойлайды

0
1 162

Алтай өлкесінде 70 –ке тарта ұлт өкілдері тұрады. Осыдан екі жыл бұрын Құлынды ауданында Наурыз Халықаралық деңгейде тойланып, Қытай, Моңғолия, Қазақстаннан қонақтар шақырылған болатын.


Павлодар облысында Ресеймен шекаралас аудандар Наурыз мерекесін бірлесіп тойлайды

ERNUR.KZ. Наурыз мерекесін Павлодар облысының Ресеймен шекаралас жатқан аудандары бірлесіп тойламақшы, деп жазады 24.kz.

Ұлыстың Ұлы күні Шарбақты, Успенка, Железинка аудандарына көрші елденмеймандар шақырылады. Бұл жолы Шарбақты ауданына Алтай өлкесінің Славгород қаласынан арнайы делегация келді. Бұл шағын халықтардың жойылып бара жатқан салт-дәстүрлерін жаңғыртып, ұлттық құндылықтарын сақтауға бағытталған мереке дейді олар. Алтай өлкесінде 70 –ке тарта ұлт өкілдері тұрады. Осыдан екі жыл бұрын Құлынды ауданында Наурыз Халықаралық деңгейде тойланып, Қытай, Моңғолия, Қазақстаннан қонақтар шақырылған болатын. Сәуір айында Шарбақты ауданынан Славгородқа өнер ұжымдары, қолөнер шеберлері, спортшылар баратын болып келісті. Мейрамда бірнеше киіз үй тігіледі. Ұлттық тағамдар әзірленіп, наурыз көже тарату жоспарда бар.

Елена Саевич, Славгородқаласыбасшысының кеңесшісі /РФ/:

- Бізгеұлттық нақышта безендірілген киіз үйлерді апарса дейміз. Қазақ халқының салт-дәстүрлері, тарихи құндылықтарымен танысқымыз келеді. Көп ұлтты Алтай өлкесі үшін бұл өте маңызды. Ресейде тұрып жатқан халықтар қазіргі Қазақстанның қандай дәрежеге көтерілгенін білсін деген ойымыз бар. Екі жақтың шығармашылық ұжымдары өнерлерін ортаға салып , спортшылары жарыстарға қатысады.

Әзілхан Әбеуов, шарбақты ауданының әкімі:

- Славгород қаласында 15 сәуірде үлкен «Наурыз- венок дружбы» мерекесі өткізіледі. Бүгін біздің әріптестеріміз шақырып келіп отыр. Соған әлбетте біз қатысамыз. Өзіміздің қазақы дәстүрлерімізді, қазақы мұраларымызды сол Ресей мемлекетіне көрсетіп, сонымен қатар көршілерімізді өзімізге 22 наурызға шақырып отырмыз. Көршілерімізбен ынтымақтастығымыз нығайып келе жатыр, ары қарай да жалғастырамыз.