Павлодар облысында роботтар жұмыс жасайтын еліміздегі алғашқы ферма ашылады

0
751

Мұнда роботтар малдың тезегін тазалап, шөп салатын болады.


Павлодар облысында роботтар жұмыс жасайтын еліміздегі алғашқы ферма ашылады

ERNUR.KZ. Павлодар облысында роботтар жұмыс жасайтын еліміздегі алғашқы ферма ашылады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«БИК» ЖШС басшысы Қуаныш Баймағамбетов етті бағыттағы «ангус» тұқымды сиыр асырауды қолға алып жатқандарын атап өтті. Жаңа ферма 500 басқа арналған.

«Біз Қазақстандағы алғашқы технологиямен жұмыс жасаймыз. Голландиялық компанияның роботтары іске қосылады. Роботтар малдың тезегін тазалайды, шөп салады. Шөп, жем базасы дайын. Құрылысы осы сәуір айында басталып, 2023 жылы іске қосылады», - деді Қуаныш Баймағамбетов.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңдеу саласына қаржысын құйғысы келетін кәсіпкерлерге көмектесуге дайын екенін айтты.

«Мұнда адамдар жыл бойы жұмыспен қамтылады. Тұрақты субсидиялау жүйесі, мықты жем-шөп базасымен қамтылған. Енді ең бастысы жүзеге асыру керек», - деді облыс әкімі.

Қуаныш Баймағамбетов бұл жоба аясында ферманың жанында сүт зауыты да салынатынын атап өтті.

«Зауытта таза сүт шығарылады. Экологиялық өнім болмақ. Сүт сауылып, тура зауытқа түседі. Ешбір көлікпен тасымалданбайды. Мұндай зауыт та елімізде алғашқы рет салынбақ, - деді Қуаныш Баймағамбетов.