Павлодар облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

0
404

Тағы үш адам Успен орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.


Павлодар облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

Фото: әлеуметтік желіден алынды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында жол апатынан екі адам қайтыс болып, үш адам зардап шекті, деп жазады Tengrinews.kz

Павлодар - Успенка тасжолында жеңіл көліктердің қатысуымен ірі жол апаты болды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған, кадрда соқтығысқан көліктердің бірі екіге бөлінгенін көруге болады.

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, оқиға орнына келген дәрігерлер 60 жастағы ер адам мен әйелдің қайтыс болғанын анықтаған. Тағы үш адам Успен орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

"19 жастағы бойжеткен жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, мойын омыртқасының жарақаты, теріасты гематома деген диагноздармен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің арасында 1972 және 1991 жылы туған екі ер адам бар.

"49 жастағы ер адамға екі қабырғасы сынған, іштің тұйық жарақаты және травматикалық шок деген диагноздар қойылды, 30 жастағы ер адам кеуде қуысынан жарақатын алған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.