Павлодар облысының басшысы Павлодар қаласының әкіміне сөгіс жариялады

0
772

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Павлодар облысының басшысы Павлодар қаласының әкіміне сөгіс жариялады

ERNUR.KZ. Өңір басшысы Әбілқайыр Ысқақовтың төрағалығымен Павлодар облысының әкімдігінде жылу беру маусымының жайы талқыланды, деп жазады zakon.kz.

Жиналыста Ысқақов Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Мұрат Әбілхалықовқа аймақтағы өмірлік маңызы бар нысандарды қамтамасыз ету саласында дұрыс шешімдер қабылдауға арналған жеткілікті деңгейдегі сараптама жасамағаны үшін, сондай-ақ Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкеновке қаланы тазарту бойынша жұмыстардың жеткіліксіздігі және өзара іс-қимыл мәселелерінде, оның ішінде тасымалдаушылар мен тұрғындар арасында үйлесімнің жоқтығы үшін сөгіс жариялады, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.