​Павлодар облысының оқушылары планеталардың бетін бұрғылайтын робот ойлап тапты

0
1 115

Жас дарындар Жер тобындағы ғаламшарлардың бетін бұрғылауға мүмкіндік беретін роботты жасап шықты.


​Павлодар облысының оқушылары планеталардың бетін бұрғылайтын робот ойлап тапты

ERNUR.KZ. Павлодар облысының оқушылары «Жұлдыздар бізге сәуле шашады» атты жас астрономдар форумында ғарышты игеруге арналған ғажайып әзірлемелерін көрсетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Павлодар облыстық Білім басқармасының хабарлауынша, биылғы төртінші форумға дарынды 45 оқушы қатысты.

Екібастұздағы мамандандырылған «Зерде» мектебінің оқушылары Диана Каримова мен Зарина Мейрашева таңдаған «Кардиостимуляторды модельдеу» атты күрделі тақырып көпшілікті таңғалдырды.

«Майқайың кентінен келген Камила Серікова мен Айым Уахиттың жұмысы ерекше қызығушылық тудырды. Жас дарындар Жер тобындағы ғаламшарлардың бетін бұрғылауға мүмкіндік беретін роботты жасап шықты. Ал Майқайың мектебінің оқушысы Айқанат Бағынбаевтың жұмысы тәжірибе жүргізу арқылы алынған қызықты фактілермен қызықты болды», - дейді Білім басқармасының өкілдері.

Форум қатысушыларының әзірлемелерін қазылар алқасы бағалап отырды. Нәтижесінде, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қуаныш Сәрсекеев пен Алина Пархомчуктың, сондай-ақ Ақсу гимназиясының оқушысы Аймира Оспанованың космонавтиканың соны әдістерімен байланысты жұмыстары үздік деп танылды.

«Ғарышты зерттеу - Қазақстан ғылымының перспективалы бағыттарының бірі. Бүгінгі оқушыларда Ғалам мен ғарышты зерттеуге барлық мүмкіндік бар. Олар Оқушылар сарайында ашылған обсерваториядағы заманауи қондырғы арқылы жұлдыздар мен ғаламшарларды зерттей алады», - деді ведомстводан. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.