Павлодар орталығында ер адамға оқ атылды

0
763

Ер адамды өзі тұратын үйдің жанында жаралаған.


Павлодар орталығында ер адамға оқ атылды

ERNUR.KZ. Павлодар орталығында атыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға Естай көшесінің бойындағы үйлердің бірінің алдында болды. Дәрігерлердің мәліметінше, ер адамға оқ тиген.

"1961 жылғы ер адамның кеудесінің сол жағына оқ тиіп, ауруханаға жеткізілген. Жеткізілген соң, үш минуттан кейін оның тыныс алуы мен жүрек қағысы тоқтады. 25 минут бойы дәрігерлер оның өмірі үшін арпалысқан, алайда нәтиже шықпаған. 08:10-да ол қайтыс болды", - деді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Мақпал Қаржаубай.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілддері, зардап шеккен адамның Павлодар қаласындағы № 1 ауруханаға 07:40-та жеткізілгенін және 08:10-да дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтты. Қазіргі уақытта полицейлер осы дерекке қатысты тергеу шараларын бастады.

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Осы қылмысқа қатысы бар адамның кім екенін анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа да мәліметтер жарияланбайды", - делінген сауалхаттың жауабында. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген суреттердің Instagram желісінде жариялап жатыр.

"Таңғы уақытта әдеттегідей жұмысқа бара жаттым. Кіреберістен шыққанымда, жылаған дауысты естімдім, полицейлер қаптап кеткен. Оқиға орны қоршауға алынған", - дейді көрші үйдің тұрғыны.

Оқиға орнында криминалистер мен металліздеуші мамандар жұмыс істеді. Тұрғындар мылтықтың атылған дыбысы секілді екі рет дүмпу естігендерін айтады. Ер адамды өзі тұратын үйдің жанында жаралағаны белгілі.