Павлодарда балконда кәуап пісірген тұрғын жазаланды (видео)

0
834

Ол өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.


Павлодарда балконда кәуап пісірген тұрғын жазаланды (видео)

ERNUR.KZ. Павлодарда жергілікті тұрғын көп қабатты үйдің балконында кәуап пісіргені үшін тиісті жазасын алды, деп жазады Polisia.kz.

Тұрғын өз әрекетін телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Учаскелік полиция инспекторлары ол адамды тез анықтады.


Ол Назарбаев көшесіндегі көп қабатты үйдің тұрғыны болып шықты. Балконда от жағып, кәуап пісіргені – өрт қауіпсіздігі ережелеріне қайшы келіп, басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері кебаб ұнататын адамды ҚР ӘҚБтК 410 бабы (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін) бойынша әкімшілік жауапқа тартты.