Павлодарда екі жасар сәби ауладағы дәретханаға түсіп кетті

0
742

Ол дәретхананың шұңқырында қанша уақыт болғаны белгісіз.


Павлодарда екі жасар сәби ауладағы дәретханаға түсіп кетті

ERNUR.KZ. Оқыс оқиға Алматы көшесі, 22 мекенжайы бойынша орналасқан үйде орын алды, деп жазады pavlodarnews.kz.

3 шілде күні сағат 13:25-те Алматы көшесі, 22 мекенжайы бойынша Павлодарда ауладағы дәретханаға екі жасар қыз құлап кеткендігі туралы облыстық ТЖД-не хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына бір техника мен төрт құтқарушы шықты. Құтқарушылар дәретхананың еденін ашты. Альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен төмен түсіп, баланы алып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шақыру түскеннен кейін сегіз минуттан соң келіп жетті, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасында.

15.04.2017 жылы туған бала облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөліміне жатқызылды. Ол дәретхананың шұңқырында қанша уақыт болғаны белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада Российская көшесіндегі құдыққа 12 жастағы бала құлап кеткен.