Павлодарда ер азамат сүйіктісі үшін көлік ұрлаған

0
761

Бұл туралы жергілікті ПД мәлімдеді.


Павлодарда ер азамат сүйіктісі үшін көлік ұрлаған

ERNUR.KZ. Павлодар облысында көлік ұрлады деп ұсталған азамат сүйіктісінің хабарласып, дереу кел деп өтінгендігі жайлы айтты, деп хабарлайды ktk.kz.

"Полиция патрулінің кіші лейтенанты Нұрлан Қонжанов пен аға лейтенант Әлішер Жұмагелдин ВАЗ 21144 көлігін ұрлаған 25 жастағы ер азаматты қолға түсірді. Ер азаматтың мас, оның үстіне көліктің оған тиесілі емес екендігі анықталды", - делінген ПД хабарламасында.

Күдікті қаладағы Әуезов көшесінде орналасқан үйдің маңайында тұрған көліктің есігі ашық және кілттің қалып қалғандығын байқаған. Екібастұз тұрғыны көлік айдап, ізін суытыпты. Жарты сағаттан соң 45 жастағы көліктің иесі темір тұлпарының ұрланғандығын айтып шағымданыпты.

Қазір ұрланған көлік айыппұл тұрағына, ал күдікті полиция бөлімшесіне жеткізіліпті. Оқиға бойына ҚР ҚК-нің 200-ші "Көлік ұрлау" бабы бойынша іс қозғалыпты. Бұған қоса 25 жастағы азамат көлікті мас күйінде әрі құжатсыз жүргізгені үшін жазаланатын болады.