Павлодарда әйелді аяғынан айырған көлік жуу қызметкері қамалды

0
468

Мас күйде болған орталық қызметкері көлікті алға жылжытпақ болып, орталықтың тағы бір қызметкерін қабырғаға жаншыған болатын.


Павлодарда әйелді аяғынан айырған көлік жуу қызметкері қамалды

ERNUR.KZ. Павлодарда әйелді көлікпен қабырғаға жанжыған автокөлік жуу орталығының қызметкері уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодарда көлік жуу қызметкерін көлікпен басқан ер адам қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары өткізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Ер адам Павлодар қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп хабарлады тілшілерге Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, 31 қазан күні Павлодардағы Бейбітшілік көшесінде орналасқан көлік жуу орталығының ғимаратында мас күйде болған орталық қызметкері көлікті алға жылжытпақ болып, орталықтың тағы бір қызметкерін – 31 жастағы әйелді қабырғаға жаншыған болатын. Салдарынан ол облыстық ауруханаға жеткізіліп, бір аяғы ампутацияланды.