Павлодарда ғимарат қирап, 3 адам үйінді астында қалған

0
458

Құрылыс жүріп жатқан үй құлап, салдарынан үш адам жарақат алды.


Павлодарда ғимарат қирап, 3 адам үйінді астында қалған

Оқыс жайттың орын алуына едендердің бұзылуы себеп болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ ktk арнасына сілтеме жасап.

Зардап шеккендер №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Департаменттің Instagram парақшасындағы мәліметке сенсек, Павлодарда Торайғыров көшесі, 75/3 мекенжайында салынып жатқан үш қабатты үй жартылай құлаған. Оқиға туралы хабарлама сағат 19:39-да келіп түскен. Оқыс жайттың орын алуына едендердің бұзылуы себеп болған. Екі қабаттағы құлаған аумақтың алаңы - 60 шаршы метр.

«Төтенше жағдай орнына Павлодар облысы ТЖ департаментінен 12 қызметкер мен 3 техника, апаттар медицинасы орталығынан 3 қызметкер және 1 техника жедел шықты. Құтқарушылар зардап шеккен үш ер адамды тапты. 1987 жылғы ер адам жабық бассүйек ми жарақаты, бас миының шайқалуы, санның жыртылуы, 1996 жылғы ер адам жабық бассүйек ми жарақаты, бас миының шайқалуы, оң қолының жыртылуымен жəне 1993 жылғы ер адам нақтыланбаған диагнозбен ауруханаға жеткізілді. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті», - деп хабарлайды ТЖД.

Құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы ҚК 277-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.