Павлодарда кезекші сынып мұғалімінен COVID-19 анықталды

0
616

​Екі сыныптың оқушылары мен онымен тығыз байланыста болған әріптестері үй карантиніне ауыстырылды.


Павлодарда кезекші сынып мұғалімінен COVID-19 анықталды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында бастауыш сынып мұғалімі коронавирус инфекциясын жұқтырды. 58 жастағы әйелде аурудың асимптоматикалық белгісі бар, деп жазады sputniknews.kz.

Ал Павлодар облысындағы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәлімдеуінше, әйел амбулаториялық жағдайда, үйде ем қабылдап жатыр.

"Қазіргі кезде науқастың жағдайы тұрақты. Ол COVID-19 ауруымен ауырған анасымен байланыста болған", – делінген ақпаратта.

Екі сынып пен онымен тығыз байланыста болған әріптестер үй карантиніне ауыстырылды. Ал бастауыш сынып мұғалімі жұмыс істеген мектеп карантинге жабылмай, қызметін қалыпты жағдайда жалғастыра береді.

Айта кетейік, бүгінге дейін облыста 12 оқушының коронавирус жұқтырған жағдайы тіркелді. Оның бесеуі Шарбақты ауданында, біреуі Ақсуда, қалғаны облыс орталығында.

Мобильді топтар олқылықтар анықталған 110 мектепке тексеру жүргізген.