Павлодарда көше кезген қаңғыбастарға да екпе салынып жатыр

0
378

Екпе алмаған 34 қаңғыбас бар.


Павлодарда көше кезген қаңғыбастарға да екпе салынып жатыр

Павлодарда тұрғылықты мекен жайы жоқ қаңғыбастарға да екпе салынып жатыр. Үй-күйінен айрылып, уақытша паналау орталықтарын мекен еткендердің 50 пайыздан астамы вакцина алып үлгерген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Оңалту орталығында қазір 70 адам тұрақты түрде тұрады. Екпе алмаған 34 қаңғыбас бар. Олардың жеке құжаттары жоқ. Сондықтан бұрынғы мекен-жайлары іздестіріліп жатыр екен. Жеке куәлік берілгеннен кейін оларға да екпе жасалынбақ.

"Мамыр айында бастадық. Бұл жерді тұрақты мекен қылған 36 адамға екпе салынды. Енді келіп түскен тағы 6 адам өз өтініштерімен вакцина алды. Адамдар салдырғысы келеді, бірақ көбінің құжаты жоқ. Жеке сәйкестендіру номері болмаса біз вакцинациялау паспортын бере алмаймыз. Осы жағынан сәл кедергі бар", - дейді Павлодар қаласы оңалту орталығының фельдшері Алина Соснюк.

"Мен Павлодарда 30 жылдан астам уақыт тұрамын. Мұнда жол апатынан кейін түстім. Келіншегім де қайтыс болды. Баламды туыстары алып кетті. Апаттан кейін мүгедек болып қалдым. Жүре алмаймын. Екпе алдым. Әзірге кері әсер берген жоқ. Жақсы бәрі", - дейді Павлодар қаласы оңалту орталығын паналаушы Мұрат Омаров.