Павлодарда көшеде жігітті пышақтап тастаған бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты

0
370

Ол 4 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға кесілді.


Павлодарда көшеде жігітті пышақтап тастаған бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Павлодарда көшеде жігітті пышақтап тастаған бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты. 22 жастағы бойжеткен негізгі жазадан бөлек, мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды, деп жазады Pavlodarnews.kz.

25 мамырда түн ортасында М.Жүсіп көшесіндегі монша маңында жігіт пен қыздың арасында жанжал туындаған.

Павлодар қаласының № 2 сотының үкімі бойынша, мас қыз жанжал кезінде ер адамның асқазанына пышақ сұғып алған. Жігіт ауруханаға түсті.

Бойжеткенге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының бірінші бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін айып тағылды.

«Сотталушы Павлодар қаласының прокурорымен кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде келісім жасап, сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайды – мойындауын ескерді», - деді Павлодар қаласының №2 сотында.

Ол 4 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жазаға кесілді.

Сонымен қатар, осы жылдар бойы қоғамдық орындарда жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады. Нақты қай жерде жұмыс істейтінін жергілікті атқарушы органдар анықтайды.