Павлодарда көшеден ер адамның денесі табылды

0
665

Оқиға 25 қаңтарда таңғы уақытта болған.


Павлодарда көшеден ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Павлодарда таңғы уақытта көшеден табылған ер адамның неден көз жұмғаны анықталып жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қаңтарда сағат 07:10-да қала полициясына Павлов - Бекмаханов көшелерінің қиылысында зорлық-зомбылық белгісі жоқ ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Аталған мекенжай бойынша жедел тергеу тобы шықты. Ер адамның жеке басы анықталды. Қайтыс болу фактісі бойынша сараптама тағайындалды», – деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Қазіргі кезде оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетсек, облыстық жедел жәрдем станциясында 25 қаңтарда Естай көшесі, 95 мекенжайы бойынша 59 жастағы ер адамның денесі табылғаны туралы хабарланған болатын.