Павлодарда мектеп автобусы жол апатына түсті

0
461

Өрт сөндіру автокөлігі мен «ПАЗ-32053-70» маркалы мектеп автобусы соқтығысқан.


Павлодарда мектеп автобусы жол апатына түсті

ERNUR.KZ. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала медициналық көмекке жүгінді, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 6 қазан күні сағат 14.15-те Елгин - Щедрин көшелерінің қиылысында «КАМАЗ» маркалы өрт сөндіру автокөлігі мен «ПАЗ-32053-70» маркалы мектеп автобусы соқтығысқан. Салдарынан автобус көлік тұрағындағы «Фольксваген» автомобиліне барып соғылды.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала медициналық көмекке жүгінді», - делінген ведомство хабарламасында.

Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.