Павлодарда оқушы қызды соққыға жыққандар қамауға алынды

0
741

Әлеуметтік желілердің кейбір қолданушылары қыздардың жауапкершіліктен құтылып кетеді деп пікірін білдірген.


Павлодарда оқушы қызды соққыға жыққандар қамауға алынды

ERNUR.KZ. Павлодар қаласында 17 жастағы оқушыны соққыға жыққан 5 қыз қамауға алынды, деп жазады Tengrinews.kz.


Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қамауға алынған қыздар әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

"Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында төбелеске қатысқан 7 күдіктінің үстінен ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 бабы ("Ұсақ бұзақылық") және 476 бабы ("Төтенше жағдай режимiн бұзу") бабы бойынша іс қаралды. Сондай-ақ тағы бір күдіктінің үстінен ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 478 бабы ("Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер") бойын іс қозғалды", - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Соттың қаулысы бойынша төбелеске қатысқан 1998, 1999 және 2000 жылдары туған бес қыз 5, 10 және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Тағы екі қыз 10 АЕК (27 778 теңге) және 15 АЕК (41 670 теңге) айыппұл төлейтін болды.

Облыстық полиция департаменті сот тәртіп бұзғандардың кішкентай балалары барын ескеріп, олардың жазасын жеңілдеткенін айтады.

Сонымен қатар төбелеске қатысқандар ішкі істер органының арнайы есебіне алыныпты.

"Әлеуметтік желілердің кейбір қолданушылары қыздардың жауапкершіліктен құтылып кетеді деп пікірін білдірген. Олардың болжамынша, қыздардың беделді туыстары бар екен. Осы орайда қыздардың жазаға тартылатынын айтқымыз келеді. Тергеушілер тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Барлығының үстінен тиісті мәлімет жиналды. Әр қайсынының кінәсін сот айқындайды", - деп атап өтті облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін Павлорда 17 жастағы соққыға жығылған болатын. Күдіктілердің үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 389 бабы 3 тармағы ("Өзiнше билiк ету") бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалған.