Павлодарда өзенді жүзіп өтпек болған мұғалім суға батып кетті

0
415

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.


Павлодарда өзенді жүзіп өтпек болған мұғалім суға батып кетті

ERNUR.KZ. Павлодарда өзенді жүзіп өтпек болған мұғалім суға батып кетті, - деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещев мәлімдеді.

"Усолка өзенінде Торайғыров университеті жоғары колледжінің ұстазы суға батып кетті. Ол колледж оқушыларын өзенге апарған. Өзінің суда жақсы жүзетінін көрсетпек болған. Өзенді жүзіп өтем деп күші жетпей қалған", - деді Олег Трещев.

Спикердің айтуынша, марқұм ұстаз колледждің 1-2 курс студенттеріне далалық-әскери жиын өткізіп жүрген.

"Ол жиын тек колледждің аумағында өту керек болған. Алайда, ұстаз өзі бастама тастап, өзенге барған. Марқұм 23-24 жастағы жас ұстаз еді", - деді Олег Трещев.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.