Павлодарда пәтерден ер адамның күйген денесі табылды – видео

0
572

Алдын ала мәлімет бойынша өртке темекі шегу кезінде абайсыздық таныту себеп болған, деп хабарлады құтқарушылар.


Павлодарда пәтерден ер адамның күйген денесі табылды – видео

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Бес қабатты үйден өрт шығып, құтқарушылар үш баланы қауіпсіз жерге шығарды, деп жазады sputnik.kz.


17 сәуірде сағат 12.27-де Павлодардағы Мир көшесі, 11 мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Бір бөлмелі пәтердегі 15 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар, жиһаз жанған. Өкінішке қарай, залдан 1968 жылы туған үй иесінің күйген денесі табылды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін алты адам үйден өздігінен шыққан. Бесінші қабаттағы пәтерлердің бірінен өрт сөндірушілер үш баланы баспалдақпен эвакуациялап, құтқарды. Өрт сағат 12.52-де сөндірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша өртке темекі шегу кезінде абайсыздық таныту себеп болған. Тілсіз жауды жоюға 18 адам мен алты техника қатысты.