Павлодарда сатушыны байлап, 25 iPhone ұрлаған күдіктілер ұсталды

0
337

Күдіктілер Павлодар қаласы полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.


Павлодарда сатушыны байлап, 25 iPhone ұрлаған күдіктілер ұсталды

ERNUR.KZ. Павлодарда сатушыны байлап, 25 iPhone ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Күдіктілер Павлодар қаласы полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

"Полиция аса ірі мөлшерде жасалған қарақшылық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 2-тармағы 4-бөлігінің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті 1991 және 1994 жылы туған екі Екібастұз қаласының тұрғындарын анықтап, ұстады", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.