Павлодарда техника дүкеніне жасалған шабуылдың видеосы тарады

0
601

Ер адамның психикалық ауруы бар екені белгілі болды.


Павлодарда техника дүкеніне жасалған шабуылдың видеосы тарады

ERNUR.KZ. Желіде Павлодардағы техника дүкеніне жасалған шабуылдың видеосы тарады, деп жазады Tengrinews.kz.

Instagram желісінде жарияланған видеода ер адамның дүкендегі ұялы телефондарды алып, жерге лақтырып жатқаны көрінеді. Сатушылардың бірі оны тоқтатпақ болады, алайда ол оған да телефон лақтырып, төбелес шығарады.

"Ер адамның психикалық ауруы бар екені белгілі болды, есепте тұр. 20 минут бұрын бір әйел полицияға қоңырау шалып, науқас ұлының үйден қашып кеткенін хабарлаған", - дейді полициядағылар.




Ведомство мәліметінше, оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері 28 жастағы ер адамды ауруханаға жатқызған.