​Павлодардағы жалғыз әскери мектеп жабылуы мүмкін

0
2 430

Әскери мансапты армандаған балалардың ата-аналары дабыл қақты.


​Павлодардағы жалғыз әскери мектеп жабылуы мүмкін

фото mod.gov.kz

Павлодар облысындағы жалғыз әскери мектеп жабылып қалудың шақ алдында тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Әскери мансапты армандаған балалардың ата-аналары дабыл қақты. Шенеуніктер бірегей оқу орнын сақтап қалу бюджетке көп шығын келтіретінін алға тартуда. Соның салдарынан биылғы көктемде бума-бума құжат жинап, медициналық тексеруден өткен талапкерлердың кадет мектебіне түсу туралы өтініштері қабылданған жоқ. Себебі, мектеп жабылуы әбден мүмкін. Білім беру саласында жүргізілген аудит шарасы кадет мектебін ұстау тиімсіз екенін көрсетіпті.

«Ревизиялық комиссия мектепті жапқан дұрыс деп есептейді, себебі экономикалық жағынан тиімділігі аз. Мен де осындай пікірдемін. Мәселен, балалар 2-3 жыл оқиды. Оларды қамтамасыз етуге қаржы жұмсалады», - дейді мектеп директоры Асан Ахметуллин.

Бүгінгі таңда білім беру ошағында 87 бала оқиды. Олардың тең жартысы 11-сыныпты тәмамдап, түлек ұшқан. Мамандардың айтуынша, мектептің жұмысы оңтайландырылған жағдайда мұғалімдердің еңбек жүктемесі екі есе азаяды. Сәйкесінше, жалақылары да төмендейді. Бұған қарамастан салалық ведомство аудитті нәтижесіне меңзейді.

«Жүргізілген тексеріс нәтижесінде кадет мектебін тәмамдаған балалардың көбі кейін әскери қызметтен бас тартып жатқанын көрсетеді. Біз үшін бұл тиімсіз әрі мектеп жұмысының мақсаты толық орындалмайды», - дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатхан.

Ал ұстаздар қауымы бұл пкікрмен түбегейлі келіспейді. 20 жылдың ішінде кадет мектеп-интернатының 37 түлегі алыс-жақын шетелдегі танымал әскери жоғары оқу орындарына түсіп, бүгінде салады табысты қызмет етуде.

«Біздің мектебімізді дарынды балаларға арналған оқу орнымен салыстырады. Біздің бағытымыз өзгеше. Біздің мектеп мамандандырылған әскери қызметті жүзеге асырады. 2018 жылғы түлегіміз Түркияның Анкара қаласыындағы құрлықтағы әскер институтына түсті», - дейді мектеп мұғалімі Алмагүл Ибраева.

Ата-аналар мен ұстаздардың алаңдаушылығын тудырған мәселегі бұқаралық ақпарат құралдары араласқан соң облыстық білім беру басқармасы кадет естебін жабу туралы шешім толық қабылданбағанын мәлімдеді. Десе де, жаңа оқу жылына бірде бір мектеп түлегі қабылданған жоқ.