Павлодардың екі тұрғыны өз балаларын тонап кетті

0
791

Ер адам қызының мойнындағы қымбат бағалы алқасын шешіп алып, қашып кеткен.


Павлодардың екі тұрғыны өз балаларын тонап кетті

ERNUR.KZ. Павлодар тұрғыны туған қызының мойнындағы алқаны ұрлап әкетті, деп жазады sputniknews.kz.

Құқық қорғау ведомствосының мәліметінше, 16 шілде күні кешке Айманов көшесіндегі 46 үйдің ауласында алты жасар қызын көріп кетуге келген 40 жастағы әке оның 200 мың теңге тұратын алқасын ұрлап алған. Содан кейін қашып кеткен.

Тағы бір 36 жастағы павлодарлық дүкенде тоғыз жастағы ұлының екі мың теңгесін ұрлап алған. Жұмыссыз жүрген тұрғын бірінші жағдайдағыдай қылмыс жасағаннан кейін ізін суытқан.

"Екі факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктілер іздестіріліп жатыр", - деп жазылған полицияның баспасөз хабарламасында.