Павлодарлық 100 полицей донор атанды

0
941

Жастар жылын өткізу аясында жас полицейлер акцияға ерікті түрде қатысуға ықылас білдірген.


Павлодарлық 100 полицей донор атанды

ERNUR.KZ. 100 шақты павлодарлық полицей тегін ерікті түрде қан тапсыру бойынша «Полицей – донор» акциясына қатысты, деп жазады Elitar.kz.

«Донор өзінің сау және жас екеніне сенімді!» жобасын іске асыру және Жастар жылын өткізу аясында жас полицейлер акцияға ерікті түрде қатысуға ықылас білдірген. Полицейлер жыл сайын қан тапсыруға белсенді қатысады, себебі олар қан тапсыра отырып, мұқтаж жандарға өздерінің көмегі тиетінін біледі.

Облыс аумағында перзентханаларда, жан сақтау және ота жасау бөлімдерінде үнемі қанның жетімсіздігі сезілуде. Осы акция барысында павлодарлық полицейлер қан тапсыратын донарларға өз құрметтерін көрсете отырып, қоғамға донорлық мәселенің бар екенін таныта отырып, қан жетімсіздігіне адамдарды қолдауға шақырды.