Павлодарлық алты жасар суретші қыз Чехиядан жүлдемен оралды

0
1 571

Биыл байқауға әлем елдерінен 2900 адам қатысқан


Павлодарлық алты жасар суретші қыз Чехиядан жүлдемен оралды

ERNUR.KZ. № 2 балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Аня Кудинова Чехияның Лидиц қаласында өткен «Су - алтыннан да қымбат» атты 46-шы Халықаралық көркем туындылар көрмесінен олжалы оралды, деп жазады pavlodarnews.

Биыл байқауға әлемнің 79 елінен, сондай-ақ, Қытай, Жапония, Филиппин, Үндістан, Кения, Малайзия, Шри-Ланка, Зимбабве сияқты елдерден 2900 адам қатысып, рекордтық көрсеткішке жетті. Сайыс-көрмесіне мектеп оқушыларының 17 суреті жіберілді, - деді қалалық білім беру бөлімінде.

6 жасар Аня Кудинова «Суда» жұмысы үшін құрмет грамотасымен марапатталып, байқаудың жинақтау көрме құрамына енді. Аня өзінің композициясын гуашь бояуларын пайдалана отырып, сүйікті кескіндеме техникасында орындады. Ол аталмыш мектепте екінші жыл білім алуда. Осы аралықта бірнеше рет әртүрлі сайыстарға қатысып үлгерді. Сайыс қатысушысын кескіндеме пәнінің тәжірибелі маманы, мектеп басшысы Наталья Герусова дайындады.


Айта кетейік, комиссия мүшелері қатысушылар арасынан ең үздік деп танылып, марапатқа ие болған 1246 жұмысты іріктеп алды. Байқаудың қорытынды көрмесі Ресейдің Воробьёв тауында орналасқан Мәскеу пионерлер сарайында өтті. Көрмені Чех республикасы елшісінің орынбасары Петр Кроужек пен Мәскеу пионерлер сарайы директорының орынбасары Антон Баранов ашты. Бұл іс-шара ЮНЕСКО-ның қолдауымен Чех республикасының Мәдениет министрлігі ұйымдастырды. Болашақта өтетін сайыстың тақырыбы «Химия» болмақ.