Павлодарлық бойжеткенді туған әпкесі соққыға жықты

0
387

Зардап шеккен тұрғын полиция келгенше үйдің кіреберісінің жанында жалаң аяқ тұрған.


Павлодарлық бойжеткенді туған әпкесі соққыға жықты

ERNUR.KZ. Қала тұрғыны «102» нөміріне қоңырау шалып, жанжалдан кейін туған әпкесі оны ұрып тастағанын айтқан, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам үйдің кілттерін алып, сіңлісін қуып шыққан.

"Зардап шеккен тұрғын Академик Шөкин көшесіндегі үйдің кіреберісінің жанында жалаң аяқ, үй киімінде тұрғанын айтты. Көрсетілген мекенжайға келген полицейлер қызбен бірге пәтерге көтерілді. Әпкесі полиция қызметкерлеріне өзінің эмоциясын жеңе алмағанын айтып, сіңлісінен кешірім сұрай бастады", - деді департаментте.

Полиция шабуыл жасау және қорлау фактісіне жол бергені үшін әйел адамды ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері енді қайтып осындай әрекетке жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізді.