Педагогтердің жалақысы 100%-ға көбейетін болды

0
1 601

Қайта даярлау, біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі енгізіледі.


Педагогтердің жалақысы 100%-ға көбейетін болды

иллюстрациялық фото: ашүықдереккөзден

Мемлекеттік бағдарлама жобасында жыл сайын 4 жыл ішінде педагогтердің еңбекақысы 100%-ға ұлғайтылып, қайта даярлау, біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы 19 желтоқсан күні ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, балабақшалар, мектеп, қосымша білім және колледж педагогтерін, басшыларын аттестаттаудан өткізіп, жалақысын арттыру, педагогтердің еңбегін нормалау жүйесін енгізу, жоғары оқу орындарын бітірушілерді сертификаттау және оқу бағдарламаларын 100 пайызға жаңарту қарастырылған.

"Алдағы уақытта жыл сайынғы туу көрсеткіштерінің өсуін ескере отырып, 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшалармен мемлекеттік тапсырыс құнын 18 мыңнан 30 мыңға өсіру арқылы 100 пайыз қамту қарастырылған. Сондай-ақ, сапаны арттыру мақсатында лицензиялауды кезеңдеп қайтару және балаларды мектепке даярлауды жақсарту үшін тиісті бағдарламалар енгізу көзделген", - деді Аймағамбетов.

Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету бойынша арнайы күзет, бейнебақылау, қауіпсіз тасымалдау мәселелерін шешу, балалар мен жастарға байланысты дереккөздерді бірегейлендіру мақсатында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жергілікті атқарушы органдар жүйесінің деректер базасын біріктіру, тамақтану нормалары мен рационын қайта қарау, асханаларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға кезең-кезеңмен көшу, ерекше білімге қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін мемлекеттік тапсырысты жан басына қаржыландыру, кибермәдениет, кибергигиена қалыптастыру, буллинг, суицидтің алдын алу бағдарламасын енгізу жоспарлануда.