Перизат Сәдуақас жаңа қызметке тағайындалды

0
2 874

Перизат Сәдуақас бұл қызметке дейін Серіктестік департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.


Перизат Сәдуақас жаңа қызметке тағайындалды

ERNUR.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасы А.Шпекбаевтың бұйрығымен Агенттіктің Серіктестік департаментінің директоры болып Перизат Сәдуақас тағайындалды, деп жазады zakon.kz.

Перизат Сәдуақас бұл қызметке дейін Серіктестік департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

Қарағанды облысында туған. Білімі жоғары. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Қазақстан тарихы", "Юриспруденция" мамандықтары бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.

Университет бітірген соң Қарағанды қаласындағы М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияның тарих пәнінің оқытушысы болған.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде, М.С.Нәрікбаев атындағы "КАЗГЮУ Университеті" АҚ, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде және ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.