Петропавл тұрғындары ауыл шіркеуінде той өткізген

0
588

Той фото және бейнежазбаға түсірілген.


Петропавл тұрғындары ауыл шіркеуінде той өткізген

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл тұрғындары ауыл шіркеуінде отбасылық мереке өткізген, деп жазады Polisia.kz.

5 тамызда Қызылжар ауданының Архангельское ауылында үйлену тойын өткізу фактісі анықталды.

Ауылдық округтің әкімі учаскелік полиция инспекторына телефон шалып, жергілікті шіркеу аумағында адамдар мен көліктердің жиналғанын айтты. Ол Солтүстік Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ұйымдастырушыларға мерекені өткізуге жол бермеу туралы ескерткен. Бірақ оның ескертуі еленбеді. Мониторинг жүрзізетін топ пен полиция қызметкерлері келген кезде мереке жалғасып, шіркеу аумағында қонақтар мен көліктер болды.

Ресми үйлену тойынан кейін Петропавл қаласының тұрғындары үйлену рәсімін және одан әрі тойлауды Қызылжар облысының Архангельское ауылында өткізуді ұйғарған. Мерекелік той фото және бейнежазбаға түсірілген.

Учаскелік полиция инспекторы Ерлан Башенов жергілікті шіркеудің дін қызметкері мен іс-шараны ұйымдастырушы ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы “Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу” бойынша әкімшілік материалдар жинады. Шешім қабылдау үшін материалдар Қызылжар аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігі бөліміне жіберілді.

Қызылжар ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Жәнібек Мұхамадиевтің айтуынша, бұл ауданда төртінші ірі оқиға болып отыр, адамдар мұндай мерекелер коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететінін ойламастан карантиндік шараларды бұзады.


– Ауданда карантиндік іс-шаралар кезінде құрылған мониторинг жүргізетін топ белсенді жұмыс істеуде, оның құрамына прокуратура, әкімдік, полиция қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық мамандар кіреді. Аудан тұрғындарымен бірлесе отыра, түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, – деді полиция майоры.