Петропавлда 20 адам "доңыз" тұмауына шалдықты

0
434

30 мыңға жуық адамға жедел респираторлы вирустық инфекцияға, 269 адам тұмау жұқтырған.


Петропавлда 20 адам

ERNUR.KZ. СҚО әкімдігінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиын өтті. Оған себеп жоқ емес, ЖРВИ-мен ауыру 1,6 есе, тұмауды жұқтыру 7,7 есе артқан, деп жазады inbusiness.kz.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, 1 қазан – жаңа эпидемиологиялық маусым басталғалы өңірде 29 581 адам ЖРВИ жұқтырған, өткен жылы 18 мыңға жуық адам ауырған. Сондай-ақ биыл ауырғандардың 65% - 14 жасқа дейінгі бала.

"14 қазаннан бері өңірде гриппті жұқтырудың 269 жағдайы тіркелді. Былтыр небары 35 адам ауырған еді. Биылғы 20 жағдай "доңыз" тұмауына қатысты. 4 адамға H3N2, яғни "Гонконг" тұмауы диагнозы қойылды.
Ауырғандардың 52-сі – жүкті әйел, 84-і 14 жасқа дейінгі бала", - дейді Әсет Жұматаев.

Тұмауды жұқтырғандардың басым бөлігі Петропавл қаласының тұрғындары.

"Эпидемиологиялық маусым басталғалы 16 қаңтарға дейін ЖРВИ-мен стационарларда 748 адам жатып, ем алып шықты. Олардың 96-сы жүкті әйел, 599-ы – бала. Жалпы ауырғандардың 65% - балалар.
Коронавирус инфекциясы кезінде мектептерде балалар қашықтан білім алды, балабақшалар жұмыс істеген жоқ. Салдарынан балаларда тиісінше иммунитет қалыптаспады. Сондықтан бүгінде олар жиі ауыратын болған", - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, стационарларда тұмаумен 10 адам жатты, тағы алтауы "доңыз" тұмауынан емделген.