Петропавлда әзілдемек болған әйел айыппұл арқалады

0
575

Тәртіп сақшылары пәтерде мас әйел адам мен екі ер адам болғанын анықтаған.


Петропавлда әзілдемек болған әйел айыппұл арқалады

ERNUR.KZ. Петропавлда полицейлерге хабарласып, жалған ақпарат берген әйел айыппұл төлейді, деп жазады Tengrinews.kz.

48 жастағы қала тұрғыны "102-ге" хабарласып, оның пәтерінде адам өлімі болғаны туралы хабарлаған. Полицейлер оқиға орнына шыққан кезде ақпарат расталмағаны туралы хабар келген.

"Әйел адам өзі қайтадан хабарласып, ол жалған ақпарат екенін айтты. Көрсетілген мекенжай бойынша учаскелік полиция инспекторы жіберілді", - дейді Петропавл қаласының ПБ екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов.

Тәртіп сақшылары пәтерде мас әйел адам мен екі ер адам болғанын анықтаған.

"Ол отырысты адам өлімі болды деп қызықтыра түспек болғанын мойындады. Бұл әйел адамның істеп отырған алғашқы әрекеті емес. Наурыз айында ол осы секілді заңбұзушылықтары үшін жауап берген. Әзілдеймін деп басы бәлеге қалған әйел адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Енді ол шамамен 80 мың теңге айыппұл төлейді", - дейді СҚО Полиция департаментінің өкілдері.