Петропавлда балабақшадан коронавирус табылды

0
737

Науқас індетті туысынан жұқтырған.


Петропавлда балабақшадан коронавирус табылды

ERNUR.KZ. Петропавлдағы балабақшаның тәрбиеленушісінен коронавирус анықталды. Қазіргі таңда орталық 14 күндік карантинге жабылды, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекшісі Әсет Жұматаев мәлім етті.

Ауру жұқтырған үш жастағы бала екен.


"Байланыста болған адамдар анықталды. Тығыз қарым-қатынаста 23 адам болған, 18 балабақшаға бірге барға балалар. 13 адам мекеме қызметкерлері. Аурудың жаппай таралуын алдын алу үшін бал келген күннен бастап балабақшаға 14 күнге жұмысын тоқтатты", - деді басқарма басшысы.


Сөзінше, ол індетті ересек туысынан жұқтырған.

Қазіргі таңда аймақта 68 науқас анықталыпты.