Петропавлда базардан жойқын өрт шықты (фото, видео)

0
1 615

Петропавлда коммуналдық базардың екінші қабатында дүкендер өртеніп жатыр


Петропавлда базардан жойқын өрт шықты (фото, видео)

фото: © Sputnik / Елена Бережная

ERNUR.KZ. Петропавл қаласының орталығында коммуналдық базардан өрт шықты, деп жазады Sputnik.

Екінші қабат лапылдап жанып жатыр, онда киім-кешек, ойыншық, әтір және тұрмыстық химия дүкендері орналасқан.

Оқиға орынында өрт сөндірушілер мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Қатты соққан жел жағдайды одан сайын ушықтыруда.

  • Петропавлда базардан өрт шықты
  • Петропавлда базардан өрт шықты
  • Петропавлда базардан өрт шықты
суреттер: © SPUTNIK / ЕЛЕНА БЕРЕЖНАЯ

Базардан эвакуацияланғандардың айтуынша, түтін иісін сезіп, өрт сөндіру қызметін шақырған екен.

"Киім-кешек сататын дүкенім түгел жанып жатыр. Зәре құтым қалмады", — дейді дүкен иесі Sputnik тілшісіне.

Атап өтсек, базар ғимарат ішінде орналасқан. Бұрын бұл ғимарат С.Киров атындағы зауыт корпустарының бірі еді.